Accessibility links

Бішкекте көлік жүргізушілері наразылық танытты


Бішкекте "Манас" транзиттік орталығынан Ауғанстанға НАТО жүктерін таситын жүк көлігі жүргізушілері ереуілге шықты.

Наразылық танытқандардың айтуынша, Ауғанстанға транспорттық жүктерді тасымалдау қызметі біраз уақыттан бері үкіметтегі бір шенеуніктерге тиесілі компанияларға өтіп, біраз жүргізуші жұмыссыз қалған. Жүргізушілер шенеуніктердің атын атамағанымен, олардың ықпалы жоғары екенін меңзеді. Олар бұған қоса, жалақыны көбейтуді талап етті.

НАТО жүктерін Бішкектен Ауғанстанға таситын, жүзден астам жүргізушінің басын қосатын Қырғыз жүргізушілер ұйымы үкіметті проблемаға араласуға шақырды. Ұйым мүшелері 20 наурыздан бері наразылық танытып келеді.
XS
SM
MD
LG