Accessibility links

Вацлав Гавел атындағы сыйлық тағайындалды


Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел.

Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел.

Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел кітапханасы мен Charter 77 қоры, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы адам құқықтарын қорғау саласында Вацлав Гавел атындағы сыйлық тағайындады.

Сыйлық жыл сайын қазан айында Гавелдің адам құқықтары саласында атқарған еңбегінің құрметіне беріледі. Бұрынғы диссидент Вацлав Гавел 1993-2003 жылдары Чехияның президенті болып, ұзақ жылдар бойы адам құқықтарын қорғау жолында белсенді жұмыстар жасаған.

Charter 77 қоры Чехияның социалистік кезеңінде Вацлав Гавелдің араласуымен құрылған еді.

2003 жылы халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Гавелге "Ар-ұждан елшісі" деген құрметті атақ берді. Ол 2011 жылы 75 жасында қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG