Accessibility links

Беларусь белсендісі Коваленко қайта тұтқындалды


Беларусь белсендісі Сергей Коваленко.
Беларусь белсендісі Сергей Коваленко.
Беларусьтің Витебск қаласында оппозиция белсендісі Сергей Коваленко тұтқындалды. Әйелі Алена Коваленко Азаттықтың Беларусь қызметіне полицияның күйеуін не үшін тұтқындағаны туралы ақпарат бермей отырғанын айтады.

Коваленко 2012 жылдың ақпанында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу тәртібін сақтамады деген айыппен 25 айға сотталған еді. Абақтыда ол үш ай бойы аштық жариялаған. Бірақ оны күштеп сотқа дейін де, сот кезінде де күштеп тамақтандырған.

Коваленко өткен жылдың күзінде босатылған. Ол сол кезде биліктің өзін кешірім сұрауға мәжбүрлегенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG