Accessibility links

Ресейде ҮЕҰ құжаттарын тексеру жалғасып жатыр


Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Рейчель Дэнбер.
Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Рейчель Дэнбер.
Ресейде үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ), әсіресе шетелдік ұйымдарды тексеру жалғасып жатыр. Халықаралық Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің директоры Рейчель Дэнбердің айтуынша, Мәскеудегі кеңселеріне прокуратура мен салық органдарының қызметкерлері келіп, ескертусіз тексеру жүргізген.

Transparency International-дың Мәскеудегі филиалының өкілі Елена Панфилова да Facebook-тегі парақшасына прокуратура мен салық органы қызметкерлерінің кеңсеге келгенін жазады. Қазан қаласындағы азаматтық белсенділерге құқықтық қызмет көрсететін "Агора" ұйымына да құжаттарын талап еткен хат келген.

Ресей құқық қорғау органдары өткен аптадан бастап үкіметтік емес ұйымдардың тіркеу және қаржылық операциялар туралы құжаттарын жинап жатыр. Билік құжаттар ұйымның "Ресей заңдарына сай жұмыс істеп жатқанын анықтау үшін" тексеріліп жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG