Accessibility links

Сирия оппозициясы алғашқы "елшілігін" ашты


Муаз әл-Хатиб (ортада) Сирия оппозициялық коалициясының Катардағы елшілігінің ашылуында. Доха, 27 наурыз 2013 жыл.
Муаз әл-Хатиб (ортада) Сирия оппозициялық коалициясының Катардағы елшілігінің ашылуында. Доха, 27 наурыз 2013 жыл.
Араб лигасы Сирия халқының атынан сөйлейтін бірден-бір заңды өкілі деп таныған Сирия ұлттық оппозициялық күштерінің коалициясы Катарда өзінің алғашқы "елшілігін" ашты. Дипломатиялық өкілдіктің ашылуына қатысқан Сирия ұлттық оппозициялық коалицияның жетекшісі Муаз әл-Хатиб әлемдік державаларды "көтерілісшілерге Башар Асад режимін құлатуға тиісті көмек бере алмай отыр" деп сынады.

Муаз әл-Хатиб оппозициялық күштердің өз ішіндегі араздықтан өткен аптада отставкаға кетпек болған еді. Бірақ орнына басқа адам сайланғанша қызметін атқара тұрмақ. Ал сейсенбіде Дохада өткен Араб лигасының саммитіне оппозициялық коалиция Сирияның атынан қатысты.

Бірақ Ресей Араб лигасының оппозицияға ұйымнан орын бергенін айыптап, оны "Сирияға қарсы кезекті қадам" деп бағалады. Мәскеу лиганың әрекетін халықаралық заңдарға да қайшы деп біледі.
XS
SM
MD
LG