Accessibility links

ДБ: Әлемде азық-түлік бағасы әлі қымбат


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Дүниежүзілік банк (ДБ) әлемде азық-түлік бағасы алты айдан бері алғаш рет арзандағанын, бірақ бағаның әлі де жоғары екенін хабарлады.

Банктің тоқсан сайын азық-түлік бағасына жасайтын мониторингінде азық-түлік бағасының қымбаттығы әлемнің кедей елдерінің халқын тойып тамақтанбауға мәжбүрлеп, семіздікке шалдықтырып жатқаны айтылады. "Бұған адамдардың отбасын асырау үшін арзан және құнарсыз азық-түлікті тұтынуы себеп" делінген банктің бейсенбіде жарияланған есебінде.

Дүниежүзілік банк есебі бойынша, 2030 жылға қарай әлемде артық салмағы бар адамдар 2,16 миллиардқа, ал семіздіктен зардап шегетіндер 1,12 миллиардқа жетуі мүмкін.

2013 жылдың ақпанында әлемде азық-түлік бағасы 2012 жылы тамызда қымбаттаған ең жоғарғы деңгейінен 9 пайызға арзандаған. Банк жем-шөп пен этанол өндіруге қажетті жүгеріге деген сұраныстың азаюы АҚШ-та бағаның арзандауына себеп болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG