Accessibility links

Нельсон Мандела қайта ауруханаға түсті


Оңтүстік Африка республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела.
Оңтүстік Африка республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела.
Оңтүстік Африка республикасының бұрынғы президенті Нельсон Мандела тыныс жолдары ауруынан қайтара емделу үшін тағы ауруханаға жатқызылды. Президент Джейкоб Зуманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мандела ауруханаға сәрсенбі күні кешке түскен.

94 жастағы Мандела өткен жылдың желтоқсанында да тыныс жолдары ауруынан емделіп, өтіндегі тасты алдыру үшін үш апта ауруханада жатқан.

Апартеидпен белсенді күрескен Мандела 27 жыл түрмеде отырып, 1990 жылы бостандыққа шыққан. Бейбітшілікке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алған ол 1994 жылы елдің алғашқы қара нәсілді президенті болды. Нельсон Мандела бұрын мемлекетті басқарған саны аз ақ нәсілділер мен елде басымдыққа ие қара нәсілділерді бітістіруде маңызды рөл атқарған.
XS
SM
MD
LG