Accessibility links

Арқанкергеннің орнына жаңа бекет салынады


Қазақ-қытай шекарасы. 13 мамыр 2003 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақ-қытай шекарасы. 13 мамыр 2003 жыл. (Көрнекі сурет)

Алматы облысындағы 2012 жылы көктемде өртеніп кеткен Арқанкерген шекара бекетінің орнына қайтадан бекет салынады деп мәлімдеді шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов.

Бейсенбіде баспасөз жиынында сөйлеген Жоламанов жаңа бекет бұрынғы Арқанкерген орналасқан аумақтан сәл басқа жерге салынатынын айтты. Бірақ оның нақты уақыты айтылмады.

2012 жылы мамырдың 30-ы күні Арқанкерген шекара заставасы толығымен өртеніп, 14 шекарашы мен бір қорықшы – барлығы 15 адамның мәйіті табылған. Бұл қылмысқа қатысты тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах айыпты деп танылып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG