Accessibility links

Қырғызстанда ресейлік ОРТ арнасы көрсетілмеуі мүмкін


ОРТ телеарнасы бағдарламасынан алынған скриншот. (Көрнекі сурет).

ОРТ телеарнасы бағдарламасынан алынған скриншот. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан үкіметі 1 сәуірден бастап Ресей қоғамдық телеарнасының (ОРТ) таратылуы тоқтауы мүмкін деп мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген сұхбатында қаржы министрлігінің өкілі Назар Малаев қазір "Қырғызтелекомның" ОРТ бағдарламаларын ретрансляциялауға қанша қаржы жұмсағанын анықталып жатқанын айтады.

Таяуда қырғыз депутаттары "Қырғызтелеком" соңғы үш жылда жоспарлы бөлінген сомадан бес есе көп қаржы жұмсады деген күдікпен тексеру ұйымдастырған. Депутаттар бұған қоса ОРТ өз хабарларын ретрансляциялау шығынын өзі өтеуі тиіс деген де пікір білдірген еді.

Ресейдің Бішкектегі елшілігі бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасап, "қырғызстандықтардың көпшілігі Ресей үкіметі бақылауындағы телеарнаны таратуды шектеу жоспарына алаңдайтынын" айтқан.
XS
SM
MD
LG