Accessibility links

"Союз ТМА-08М" кемесі ғарыш станциясымен түйісті


"Прогресс М-12" зымыран тасығышы. Байқоңыр (Көрнекі сурет).
"Прогресс М-12" зымыран тасығышы. Байқоңыр (Көрнекі сурет).
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Союз ТМА-08М" ғарыш кемесін тіркеген "Союз-ФГ" зымыран тасығышы халықаралық ғарыш станциясымен (ХҒС) түйісті деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі. "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарышқа 29 наурызға қараған түні ұшырылған еді.

Ғарыш станциясына "Роскосмостың" ғарышкерлері Павел Виноградов пен Александр Мисуркин және НАСА астронавты Кристофер Кэссиди ұшырылған.

Жаңа экспедиция ғарыш станциясына бірінші рет алты сағаттық жолмен жеткен. Бұған дейін ұшырылған "Союз" кемелері екі тәуліктік жолмен ұшырылып келген еді. Экспедиция станцияда 168 тәулік болады деп жоспарланып отыр.

Ғарыш кемесінің ұшырылуына Қазақстан мен Ресей вице-премьерлері Қайрат Келімбетов пен Игорь Шувалов қатысқан.

28 наурызда Келімбетов пен Шувалов Байқоңырда ғарыш кешенін пайдалану жайындағы үкіметаралық отырысын өткізген еді. Онда Ресей мен Қазақстан мамыр айына дейін Байқоңыр кешенін пайдалану ережелерін жаңартуға бағытталған "жол картасын" дайындауға уағдаласқан.
XS
SM
MD
LG