Accessibility links

Солтүстік Корея зымырандарын дайындап жатыр


Солтүстік Корея әскері зымыран бөлімшелері сынақ кезінде. (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея әскері зымыран бөлімшелері сынақ кезінде. (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын елдің қарулы күштеріне "Оңтүстік Корея мен Тынық мұхиты аумағында орналасқан АҚШ әскери базаларына зымыраннан соққы беруге дайындала беруді" бұйырды.

Солтүстік Корея мемлекеттік телеарналарының хабарлауынша, президент жарлығында "америкалық империалистермен есеп айырысатын кез келді" деген.

Бұған дейін АҚШ Оңтүстік Кореямен бірлесе өткізген әскери жаттығуы кезінде осы ел үстінен екі бомбалаушы ұшағын ұшырған еді.

Соңғы апталарда Пхеньян "АҚШ пен Оңтүстік Кореяға ядролық соққы беретінін" айтып, доқ көрсетіп келеді.

27 наурызда Солтүстік Корея билігі соғыстың кез-келген уақытта басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген. Пхеньян наурыздың ортасында "Сеулмен арада 1953 жылы жасалған, соғысты тоқтату туралы бітімнен бас тартатынын" да ескерткен.
XS
SM
MD
LG