Accessibility links

Құқық қорғаушылар Курамшинге ара түсті


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин.

Бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары сотталған азаматтық белсенді Вадим Курамшинді Солтүстік Қазақстан облысының Горное елді мекеніндегі ЕС 164/4 колониясына ауыстыру шешімін қайта қарауды сұрап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды.

Front Line Defenders ұйымының сайтында жарияланған хатқа "Ашық диалог" қоры, "Шекарасыз тілшілер" ұйымы, Адам құқықтарына мониторинг жасау институты, Front Line Defenders, Civil right Defenders және Campaign Kazakhstan ұйымдары қол қойған.

"Біз Курамшиннің бұл түрмеге отырғызылуына байланысты денсаулығына алаңдаймыз. Курамшин бұрын осы түрмедегі адам құқықтарының бұзылғанын айыптағандықтан түрме қызметкерлері одан кек қайтаруы мүмкін деп қауіптенеміз" делінген үндеу хатта.

2012 жылдың тамызында Тараз қалалық соты Вадим Курамшинді "бопсалау" бабы бойынша бір жыл шартты мерзімге соттаған еді. Бірақ прокуратураның қарсылығынан соң ол 2012 жылдың желтоқсанында 12 жылға сотталған.
XS
SM
MD
LG