Accessibility links

Солтүстік Корея "соғыс жағдайы" туралы мәлімдеді


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын елдің қарулы күштерінің басшыларымен шұғыл кеңес өткізіп отыр. 29 наурыз 2013 жыл.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын елдің қарулы күштерінің басшыларымен шұғыл кеңес өткізіп отыр. 29 наурыз 2013 жыл.

Бүгін Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат құралдары ресми Пхеньянның көрші Оңтүстік Кореямен арада "соғыс жағдайы" орнағаны туралы мәлімдемесін таратты.

Бұған дейін Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын елдің қарулы күштеріне "Оңтүстік Корея мен Тынық мұхиты аумағында орналасқан АҚШ әскери базаларына зымыраннан соққы беруге дайындала беруді" бұйырған еді. Ол "америкалық империалистермен есеп айырысатын кез келді" деген.

Өткен айда Солтүстік Корея ядролық қару сынағын жасаған соң Корей түбегіндегі ахуал шиеленесіп кетті. Наурыздың басында АҚШ-тың Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығу өткізуі Пхеньянның АҚШ пен Оңтүстік Кореяға "ядролық соққы беру" туралы доқ көрсеткен мәлімдемелерін үдетті.

27 наурызда Солтүстік Корея билігі соғыстың кез-келген уақытта басталып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген еді. Пхеньян наурыздың ортасында "Сеулмен арада 1953 жылы жасалған, соғысты тоқтату туралы бітімнен бас тартатынын" да ескерткен.
XS
SM
MD
LG