Accessibility links

Головкин жапон боксшысын нокаутпен жеңді


Геннадий Головкин.
Геннадий Головкин.
Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин чемпион атағын қорғап қалды.

Ол наурыздың 30-ы күні жапониялық 36 жастағы Нобухиро Ишидамен кездесті. Монакода өткен жекпе-жекте Головкин Жапония боксшысын үшінші раундта нокаутқа түсірді.

Бұл - Головкиннің кәсіпқой бокс рингіндегі 26-шы кездесуі. Ол кездесудің барлығында жеңіске жеткен. 23 кездесуде қарсыласын нокаутпен жеңген.

Осының алдында Головкин америкалық Габриэль Росадоны да таза ұтқан еді.

Қазақстан боксшысының келесі кездесуі биылғы жылдың маусым айында өтуі тиіс.

30 жастағы Геннадий Головкин 2000 жылы жасөспірімдер арасында, 2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы болды. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Ол осымен кәсіпқой бокстағы әлем чемпионы атағын жетінші рет қорғап қалды.
XS
SM
MD
LG