Accessibility links

Қазақстандық спортшы - Triglav Trophy турнирінің күміс жүлдегері


Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық 19 жастағы спортшы Абзал Рақымғалиев Словенияның Блед қаласында өткен Triglav Trophy халықаралық турнирінің күміс медалін иеленді.

Рақымғалиев еркін және техникалық бағдарламаның қорытындысы бойынша 182,20 балл жинады. Жарыста ресейлік Артур Гачинский (210,15 балл) жеңіске жетіп, қола жүлдені Жапония спортшысы Дайсуке Мураками (177,43 балл) иеленді.

Абзал Рақымғалиев - 2014 жылы өтетін Сочи олимпиадасына жолдама ұтып алған қазақстандық екі спортшының бірі. Ол былтыр осы жарыстың жеңімпазы атанған еді. Ал 2009, 2011 жылдары қола жүлде алған.

Triglav Trophy – 1992 жылы алғаш рет жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған турнир. Ал 2003 жылдан бері бұл жарысқа жасөспірімдермен бірге ересек мәнерлеп сырғанаушылар да қатысып келеді.
XS
SM
MD
LG