Accessibility links

АҚШ Оңтүстік Кореяға екі жойғыш ұшақ жіберді


АҚШ-тың стелс-ұшағы. Оңтүстік Корея, 28 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың стелс-ұшағы. Оңтүстік Корея, 28 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ Корей түбегіндегі әскери, саяси жағдай шиеленісіп тұрған шақта Оңтүстік Кореяға соңғы үлгідегі екі F-22 жойғыш ұшағын жіберді. Жапониядағы әскери базадан жіберілген ұшақтар Оңтүстік Кореямен бірлескен әскери жаттығуға қатыспақ.

Солтүстік Корея 30 наурызда Оңтүстік Кореямен арадағы ахуал "соғыс жағдайында тұрғанын" айтып, "елдің қарулы күштері Оңтүстік Корея мен жақын аймақтардағы әскери базаларға соққы беруге дайын" деп мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ Оңтүстік Кореяға екі стелс-бомбалаушы ұшағын жіберген еді. Пхеньян Вашингтонның бұл әрекетін арандатушылық деп атаған.

Корей түбегіндегі шиеленіс Пхеньян ақпанда үшінші рет ядролық сынақ жасаған соң күшейіп кеткен еді. Сынақтан соң БҰҰ мен АҚШ Пхеньянға қосымша санкциялар салған.
XS
SM
MD
LG