Accessibility links

11 қыркүйек құрбандарын іздеу жұмыстары жалғасты


Дүниежүзілік сауда үйінің орнына тұрғызылып жатқан "Еркіндік мұнарасы" ғимараты. Нью-Йорк, 11 наурыз 2013 жыл.

Дүниежүзілік сауда үйінің орнына тұрғызылып жатқан "Еркіндік мұнарасы" ғимараты. Нью-Йорк, 11 наурыз 2013 жыл.

Нью-Йорк басшылығы 2001 жылы 11 қыркүйектегі терактіде қираған Дүниежүзілік сауда ұйымы ғимаратында қаза тапқандардың мәйіттерін іздестіру жұмыстары қайта басталғанын хабарлады. Соңғы екі жылда теракт болған жерден қираған ғимарат қалдықтары 60-қа тарта жүк көлігімен шығарылған еді. Қираған қалдықтарды енді сарапшылар тексермек.

Қала мэрінің терактіде қаза тапқан азаматтар отбасыларына айтуына қарағанда, іздестіру жұмыстары зерттеу басталғанша жүргізіле бермек.

Дүниежүзілік сауда ұйымының қос ғимаратына жасалған шабуыл кезінде үш мыңға тарта адам қаза тапқан еді. Қазірге дейін 1634 адамның мәйіттері сараптамадан өтіп, танылды. Қазір қираған қос ғимарат орнында "Азаттық мұнарасы" деп аталатын жаңа ғимарат салынып жатыр.
XS
SM
MD
LG