Accessibility links

Шекара қызметінің әскерилері аттестациядан өтеді


Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы Қорғас шекара бекетінде күзетте тұрған шекарашы. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы Қорғас шекара бекетінде күзетте тұрған шекарашы. Алматы облысы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінде келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскерилерді кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы" жарлық шығарды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Жарлық бойынша, аттестацияны жүргізу президент әкімшілігі мен ҰҚК-ге жүктелген. Аттестация 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.

Жарлыққа 22 наурызда қол қойылып, ол сол күннен бастап күшіне енген.

Қазақстанда өткен жылы құқық қорғау органдары - прокуратура, қаржы полициясы, ішкі істер министрлігі мен кеден комитетінің қызметкерлері де аттестациядан өткізілген еді.
XS
SM
MD
LG