Accessibility links

ЕО-дағы жұмыссыздық рекордтық деңгейге жетті


Еуропа Одағы Еуростат қызметінің логотипі. (Көрнекі сурет).
Еуропа Одағы Еуростат қызметінің логотипі. (Көрнекі сурет).
Еуропа Одағының (ЕО) еуроны қолданатын 17 еліндегі жұмыссыздық деңгейі рекордтық көрсеткішке - 12 пайызға жетті.

ЕО-ның статистикалық қызметі - Еуростаттың сейсенбіде таратқан мәліметі бойынша, 17 мемлекетте қаңтар айындағы жұмыссыздық деңгейі 11,9 пайызды құраған. Ал ақпанда жұмыссыздар саны 33 мың адамға көбейіп, көрсеткіш 12 пайызға жеткен. 17 елдегі жұмыссыздардың жалпы саны 19 миллион адамды құрайды.

ЕО-ның кейбір жекелеген елдерінде жұмыссыздық деңгейі тым жоғары. Мысалы, Грекия мен Испанияда көрсеткіш 26 пайызға жеткен. Бірақ экономикасы қуатты Германияда бұл көрсеткіш ең төменгі деңгейде - 5,4 пайыз.

Ал ЕО-ға мүше 27 елдегі жұмыссыздар саны ақпанда 76 мыңға көбейіп, жұмыссыздық деңгейі 10,9 пайызды құраған. Соңғы дерек бойынша, одақтағы 27 мемлекеттегі жұмыссыздар саны - 26,3 миллион адам.
XS
SM
MD
LG