Accessibility links

Кипр қаржы министрі отставкаға кетті


Кипр қаржы министрі Михалис Саррис.

Кипр қаржы министрі Михалис Саррис.

Кипрдің банкрот болуына қатысты жүргізіліп жатқан тергеулерге байланысты елдің қаржы министрі Михалис Саррис отставкаға кетуге өтініш білдірді.

Журналистерге берген сұхбатында Саррис қызметінен тергеушілермен бірге жұмыс істеу қажет болғандықтан кететінін айтқан. Ол өткен жылы елдегі ірі Laiki банкін басқарған еді. Банктің қаржылық жағдайының нашарлауы елдің банкроттыққа душар болуының басты себептерінің бірі болған еді.

Тергеу барысында Кипрдегі барлық банктердегі депозиттер бұғауланып қалар алдында ел аумағынан ірі көлемдегі қаржы сыртқа әкетілгені турасындағы ақпарат та тексерілмек. Кипрден миллиондаған еуро қаржыны сыртқа әкетті делінген күдіктілердің арасында президент Никос Анастасиадистің туыстары да бар.

Кипр Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қоры ұсынған 10 миллиард еуро қаржының арқасында банкроттықтан аман қалған. Бірақ оның есесіне Кипр елдегі ең ірі екі банкте 100 мың еуродан асатын қаржысы бар депозит иелеріне салықты көбейтуге міндеттеме алған.
XS
SM
MD
LG