Accessibility links

Ресей шенеуніктері шетелдегі салымдарын жабуы керек


Ресей президенті Владимир Путин. Дурбан, 27 наурыз 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. Дурбан, 27 наурыз 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктер мен мемлекеттік компания басшыларын шетелдердегі есеп-шоттарын жауып, шетел компанияларындағы акцияларынан бас тартуға міндеттейтін жарлық шығарды.

Президент әкімшілігінің басшысы Сергей Ивановтың айтуынша, жарлықты орындау мерзімі 1 шілдеде аяқталады. Ол "заң алдында барлық шенеунік бірдей" екенін, оны орындамағандардың қызметтен босатылатынын айтты.

Сарапшылардың пікірінше, "жарлық жемқорлықпен күресу үшін ғана емес, оған қоса ресейлік шенеуніктердің өзге елдердегі түрлі жағдайларға тәуелді болмауын да ойластырыла" қабылданған.

Жарлықта шенеуніктердің шетелдердегі салымдары мен акциялары туралы ақпарат бергендердің аты-жөні құпия сақталатыны айтылған. Бірақ анонимді ақпарат қарастырылмайды.
XS
SM
MD
LG