Accessibility links

Малайзия премьері парламентті таратты


Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак телеарнадан сөйлеп тұр. Путраджайа, 3 сәуір 2013 жыл.

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак телеарнадан сөйлеп тұр. Путраджайа, 3 сәуір 2013 жыл.

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак ел парламентін таратты. Премьер сәрсенбіде телеарна арқылы жолдаған үндеуінде екі ай ішінде жаңа сайлау өтетінін және оны корольдің қолдағанын айтты.

Наджиб Разактың басқарушы Ұлттық майдан коалициясының мандаты 30 сәуірде аяқталады. Көпшілік алдағы сайлауда тартыс Ұлттық майдан мен оппозиционер Ануар Ибрагим басқаратын үш партиялық коалиция арасында өтеді деп есептейді.

Ұлттық майдан коалициясы 1957 жылдан бері Малайзияда билік құрып келеді. Бірақ 2008 жылғы сайлауларда парламенттегі басымдығының үштен екісінен айырылып қалған еді.
XS
SM
MD
LG