Accessibility links

Путин: Ресейде 2012 жылы қару экспорты артты


Ресей президенті Владимир Путин (ортада) қару-жарақтар көрмесінде. Нижний Тагил, 9 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин (ортада) қару-жарақтар көрмесінде. Нижний Тагил, 9 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин еліндегі қару-жарақ экспортының көлемі өткен жылы 12 пайызға артқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей 2012 жылы 66 елге 15,2 миллиард АҚШ долларының қару-жарағын сатқан.

Биыл Ресейдің әскери техника шығаратын кәсіпорындары 75 мемлекетпен 46 миллиард АҚШ долларына тең қару сату туралы келісім жасасқан.

Путиннің айтуынша, Ресей әлемдегі қару-жарақ экспорттайтын жетекші елдердің біріне айналған. "Ресей экспорт жағынан АҚШ-тан ғана қалып қойды. Біз әлемдік нарықтың төрттен бірін қамтып отырмыз" деді ол.
XS
SM
MD
LG