Accessibility links

Ақтау әуежайында "діни әдебиеттер" тәркіленген


Діни әдебиеттер. Алматы (Көрнекі сурет).

Діни әдебиеттер. Алматы (Көрнекі сурет).

Ақтау әуежайында "Баку-Ақтау" рейсімен ұшып келген қазақстандықтан діни мазмұндағы әдебиеттер тәркіленді деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, департаменттің контрабандамен күрес басқармасы мен "Әуежай-Ақтау" кеден бекеті қызметкерлері 1989 жылы туған қазақстандықтың сөмкесін тексеріп, араб тілінде жазылған 300-ден астам діни әдебиет тапқан.

"Діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады" дейді баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG