Accessibility links

АҚШ Ресейге тұтқынмен кездесуге рұқсат бермеді


Tatarstan - Guantanamo detainee Ravil Mingazov during his millitary service in army, undated

Tatarstan - Guantanamo detainee Ravil Mingazov during his millitary service in army, undated

АҚШ Ресей шенеуніктеріне Гуантанамода абақтыда отырған ресейлік азаматпен кездесуге рұқсат бермей қойды.

Ресейлік 47 жастағы Равил Мингазов АҚШ-тың Кубадағы базасында 2002 жылдан бері күдікті исламшыл содыр ретінде қамауда отыр. Бірақ оған ешқандай айып тағылмаған. Бұрынғы балет бишісі Ресей армиясында исламды қабылдаған еді.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Виктория Нуландтың айтуынша, Ресей Құрама Штаттардан Мингазовпен кездестіруді сұраған. Бірақ Мингазовтың өзі одан бас тартқан. "Ал тұтқынды мәжбүрлеп кездестіру АҚШ заңдарына қайшы" дейді Нуланд.

Ал Мингазовтың адвокаты өздеріне Ресей өкілдерінің не мақсатпен кездеспек екенін білмейтінін айтады.

Тұтқынның өзі бұған дейін Ресейге кеткісі келмейтінін, себебі онда биліктің қудалауынан қауіптенетінін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG