Accessibility links

Оффшорлық есепшот иелерінің тізімі жарияланды


Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (ICIJ) қаржыларын оффшорлық есепшоттарда сақтады деген 170 елден 130 мың адамның аты-жөнін жариялады. Вашингтонда орналасқан бұл ұйым әлемнің 60 еліндегі журналистермен және жетекші ақпарат құралдарымен байланыс орнатқан.

Шетелде есепшоттары бар шенеуніктер мен олардың жақындарының арасында Ресей вице-премьері Игорь Шувалов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның әйелі, қызы да бар. Консорциум өкілдерінің айтуынша, екі жарым миллионға жуық түрлі құжаттар байлардың қаржысын қандай жолдармен жасырын ұстап, салықтан жалтаратындарын көрсетеді.

MCKinsey&консалтингтік компаниясының бұрынғы жетекші экономисінің болжамына қарағанда, оффшорлық есепшоттарда 21 триллион АҚШ долларынан астам қаржы жасырылған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG