Accessibility links

Алматыда кезекті Иран келіссөзі басталды


Алматыға келген Иран делегациясы. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.

Алматыға келген Иран делегациясы. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.

Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кезекті келіссөздер басталды.

Келіссөздерге Иран, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері - Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысады. Иран делегациясын ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы хатшысы Саид Жалили, АҚШ делегациясын мемлекеттік хатшының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уэнди Шерман бастап келген.

Бұған дейінгі келіссөздер де Алматыда 26-27 ақпанда өткен еді.

Келіссөздер екі күнге созылады. Оны Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон жүргізеді.
XS
SM
MD
LG