Accessibility links

Эштон: Иран мен "алтылықтың" көзқарасы әлі алшақ


Еуродақ өкілі Кэтрин Эштон Иранға байланысты кездесуде. Алматы, 5 сәуір 2013 жыл.
Еуродақ өкілі Кэтрин Эштон Иранға байланысты кездесуде. Алматы, 5 сәуір 2013 жыл.
Еуродақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік комиссары Кэтрин Эштонның айтуынша, Иран мен "алтылықтың" (5+1, яғни АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия) арасындағы Иран атом бағдарламасы туралы келіссөзден соң Тегеран мен бұл алты елдің көзқарасы әлі алшақ екені анық болған.

Оның пікірінше, бұдан ары не істеу керегін анықтау үшін делегациялар астаналарына оралған соң қосымша кеңесуі қажет. Кэтрин Эштонның сөзінше, соңғы екі күнде көп мәселе егжей-тегжейлі талқыланған.

5-6 сәуір күндері Алматыда өткен кездесуде Иран өкілдері Ресей және Қытай делегациясымен де жеке жолықты.

"Алтылық" елдері Иран өкілдерімен бұған дейін Алматыда 26-27 ақпан күндері де кездескен еді. Ол кездесуде Тегеран жоғары сапалы уран өндіруін тоқтатса, бұл елге салынған кейбір экономикалық санкцияларды жеңілдету жайы сөз болған. 5 сәуірдегі кездесуде Иран өкілі Али Багери "бар сауалдарға тиянақты жауап қайтарғандарын" ғана айтты.

Кейбір Батыс дипломаттары Иранның ұсыныстарынан бас тартқанына "ойланып қалғандарын" айтты. Ал Ресей өкілі Сергей Рябков Тегеранның "келіссөзге байсалды қарағанын" ескертті.

Иранның ядролық бағдарламасы халықаралық қауымдастықты алаңдатып отыр. Тегеран өкілдері бұл бағдарламаның халықаралық атом агенттігі бақылауында екендігін, тек бейбіт мақсатты көздейтіндігін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG