Accessibility links

Қанат Ислам тоғызыншы қарсыласын да нокаутпен жеңді


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (ортада). Сурет www.nelsonspromotion.com сайтынан алынды.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (ортада). Сурет www.nelsonspromotion.com сайтынан алынды.
АҚШ-қа кеткен қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 7 сәуір күні Майамиде өзінің кезекті тоғызыншы кездесуін өткізіп, жеңіске жетті деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Қанат Ислам қарсыласы Алексис Мартинесті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Қанат Ислам бұған дейін сегіз кездесу өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңіске жеткен. Ол соңғы рет эквадорлық боксшы Умберто Толедоны жеңіп, WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы) тұжырымы бойынша орташа жеңіл салмақта Fedeсaribe (Америка және Кариб теңізі аймағы чемпионы) титулын алған еді.
XS
SM
MD
LG