Accessibility links

Германияда Femen өкілдері Путинге наразылық танытты


Femen тобының әйелдері Ресей президенті Владимир Путинге наразылық танытты. Германия, 8 сәуір 2013 жыл.

Femen тобының әйелдері Ресей президенті Владимир Путинге наразылық танытты. Германия, 8 сәуір 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ганновердегі өнеркәсіп көрмесіне қатысып жатқан кезде кенеттен бір топ белсенді әйел жартылай жалаңаштанып шығып, оған "диктатор" деп айқайлады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, белсенді әйелдер - Femen тобының мүшелері. Олар Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель көрмені аралап жүрген кезде журналистер арасынан шыға келген.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков оқиғаны "қатардағы бұзақылық" деп сипаттап, "әйелдердің жазалануы қажет екенін" айтты.

Путин Германияға барған жексенбі күні де оның сапарына наразылық танытқан акциялар болған. Наразылық танытушылардың кейбірі түрме киімін киіп алған. Бірақ Песков ондай наразылықтарды көрмегенін айтады.

Германия канцлері Ангела Меркель Ганноверде Путинді Ресейде шетелдік үкіметтік емес ұйымдардың қызмет етуіне мүмкіндік беруге шақырған.
XS
SM
MD
LG