Accessibility links

Бішкекте Мұхтар Әуезовті еске алу шаралары өтті


Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов.
Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов.
Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкекте жазушы Мұхтар Әуезовті еске алуға арналған шаралар өтті.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, шара аясында Бішкектегі жазушының атындағы көшеге ескерткіш тақта орнатылған. Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде, мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінде еске алу кештері ұйымдастырылған.

Шараларға Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Сұлтан Раев, Бішкек мэрі Иса Өмүркулов, жазушының ұлы Мұрат Әуезов, басқа да жазушылар қатысқан.

Мұхтар Әуезов қырғыздардың "Манас" эпосын зерттеуге көп үлес қосқан.
XS
SM
MD
LG