Accessibility links

Назарбаев Тэтчердің қазасына көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 25 ақпан 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі (1979-1990) Маргарет Тэтчердің қаза болуына байланысты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігінің премьері Дэвид Кэмеронға көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Тэтчер ханыммен өткізген кездесулерімді әрдайым жылылықпен еске аламын және бұл жүздесулер екі ел арасындағы достық пен әріптестік қарым-қатынастардың негізі болып табылатынын сенімділікпен айта аламын» делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және өз атынан Маргарет Тэтчердің отбасына және Ұлыбритания халқына көңіл айтқан.

Маргарет Тэтчер 8 сәуір күні 87 жасында инсульттен қайтыс болды.
XS
SM
MD
LG