Accessibility links

Пәкістанда қақтығыстардан 130 адам мерт болды


Қақтығыстардан қашқан тұрғындар Тирах аймағынан көшіп жатыр. Пәкістан.
Қақтығыстардан қашқан тұрғындар Тирах аймағынан көшіп жатыр. Пәкістан.
Пәкістанның солтүстік-шығысында исламшыл бүлікшілермен төрт күн бойғы қақтығыста үкіметтің 30 сарбазы қаза тауып, 100 содырдың көзі жойылды.

Пәкістан әскерилерінің хабарлауынша, үкімет күштері елдің солтүстік-шығысындағы "Талибан" жасақтары мен олардың одақтастарының бақылауындағы таулы Тирах қыратын қайтарып алуға біраздан бері күш салып жатыр.

Таулы Тирах қыратында бірнеше аптадан бері қарулы жасақтар арасында өзара қақтығыс болып жатқан еді. Ал өткен аптаның жұмасында аймаққа үкімет әскері кіргізілген. Қақтығыстардан аймақтың мыңдаған тұрғыны басқа жақтарға көшуге мәжбүр болды.

Тирах қыраты Ауғанстанмен шектесетін жартылай автономиялы аймақтың бір бөлігі әрі "Талибанның" басты тірегі саналатын Хайбер провинциясында орналасқан.

Соңғы жылдары Пәкістан армиясы "Талибанның" осы елдегі жасақтарына қарсы әскери операцияны күшейткен еді. Бірақ Тирах сияқты кейбір жерлер әлі де "Талибанның" қарауында қалып қойған.
XS
SM
MD
LG