Accessibility links

Алматыдағы "Барахолкада" наразылық шарасы өтті


Алматыдағы базарлардың бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы базарлардың бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы "Ұлыгер", "Арал", Аягөз", "Дәстүр" және "Адам" шағын базарларының саудагерлері осы базарлардың жабылуына наразылық танытты деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Сергей Куяновтың айтуынша, Алматы соты қаңтар айында аталған шағын базарлар өрт қауіпсіздігі мәселесіне байланысты "жабылуы тиіс" деген шешім шығарған.

Бірақ саудагерлер сот шешімі туралы ешқандай ескерту алмағандарын айтқан. Наразылық танытқандар мойындарында несиелері барын, базар жабылса өздеріне қиын тиетінін алға тартқан.

Tengrinews сайты наразылық болған жерде полиция мен арнайы жасақ сарбаздары бой көрсеткенін жазады.
XS
SM
MD
LG