Accessibility links

Иранда жаңа уран кеніштері ашылды


Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ұлттық ядролық технология күніне арналған жиында сөйлеп тұр. Тегеран, 8 сәуір 2012 жыл.

Иран президенті Махмуд Ахмадинежад ұлттық ядролық технология күніне арналған жиында сөйлеп тұр. Тегеран, 8 сәуір 2012 жыл.

Бүгін Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі елде уран өндіретін жаңа екі кеніш пен зауыттың ашылғаны туралы хабар таратты. Жаңа кеніштердің ашылуына Иран президенті Махмуд Ахмадинежад қатысқан.

Йезд провинциясындағы Саганд қаласында орналасқан жаңа кеніштерден жылына 60 тонна «Сары кек» деп аталатын уран оксиді өндірілетін болады деп хабарланды. Бұл химиялық концентрат байытылған уран дайындауға пайдаланылады.

Өткен аптада Алматыда Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен «алтылықтың» (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай және Германия) арасындағы келіссөздер нәтижесіз аяқталған еді.

Батыс мемлекеттері Иран ядролық бағдарламаның көмегімен жойқын қару жасай ма деп алаңдайды. Ресми Тегеран ол бағдарламаның халықаралық атом агенттігі бақылауында екендігін, тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтады.
XS
SM
MD
LG