Accessibility links

Бүгін Сербия астанасы Белград қаласының маңындағы Велика Иванка деген елді мекенде алты ер адам, алты әйел және бір бала оққа ұшып мерт болған.

Осы қылмысты жасаған деген күдікке ілінген 60 жастағы ер адам қазір ауруханада жатыр. Күдіктінің өзін және әйелін өлтіруге әрекет жасап оқ атқаны, бірақ екеуі де ауыр жараланып, емханаға жеткізілгені туралы хабарланды.

Төтенше оқиға салдарынан тағы бір адам жараланған. Сербия полициясы өкілінің хабарлауынша, қаза тапқандардың денелері бес үйден табылған, олар көрші тұрған және туыс адамдар болған.
XS
SM
MD
LG