Accessibility links

Пхеньян шетелдіктерді Оңтүстік Кореядан кетуге шақырды


Оңтүстік Корея қарулы күштерінің әскери жаттығу өткізіп жатқан бөлімшесі. 9 сәуір 2013 жыл.
Оңтүстік Корея қарулы күштерінің әскери жаттығу өткізіп жатқан бөлімшесі. 9 сәуір 2013 жыл.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік агенттігі қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда тұратын немесе саяхаттап келген шетел азаматтарын ол елден кетуге шақырды.

«Біз соғыс бола қалған жағдайда Оңтүстік Кореядағы шетелдіктердің жапа шеккенін тілемейміз» деп мәлімдеген Солтүстік Корея Азия-Тынық мұхит бейбітшілік комитетінің өкіліне сілтеме жасайды мемлекеттік агенттік.

Бұған дейін Пхеньян сәрсенбіден соң Солтүстік Кореядағы шетелдік дипломаттардың өміріне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеген.

Биыл наурыз айында Солтүстік Корея ядролық қару сынағын жасап, Оңтүстік Кореяға доқ көрсеткен соң Корей түбегіндегі ахуал шиеленісіп кеткен еді.
XS
SM
MD
LG