Accessibility links

Египет копт шіркеуінің басшысы президентті айыптады


Египет копт христиан шіркеуінің басшысы Папа ІІ Теодориус.
Египет копт христиан шіркеуінің басшысы Папа ІІ Теодориус.
Египетте копт христиан шіркеуінің жетекшісі президент Мұхаммед Мурсиді "елдегі діни қайшылықтарға, оның ішінде Каирдегі коптілердің басты соборына жасалған шабуылға бей-жай қарап отыр" деп айыптады.

Папа ІІ Теодориус Мурсидің "христиандар храмын қорғауға берген уәдесін орындамай отырғанын" айтады.

Жексенбіде мұсылмандармен қақтығыста қаза тапқан төрт египеттік христианды жерлеу рәсімінде Әулие Марк соборы маңында тағы қақтығыс болып, екі копт мерт болған. Наразылық танытушы мұсылмандар шіркеуге жанғыш сұйықтығы бар шөлмектер, тас лақтырған.
XS
SM
MD
LG