Accessibility links

Қытайда экс-министрге айып тағылды


Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюнь. Пекин, 3 наурыз 2013 жыл.
Қытайдың бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюнь. Пекин, 3 наурыз 2013 жыл.
Қытайдың мемлекеттік Синхуа (Xinhua) агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы теміржол министрі Лю Чжицзюньге "пара алды және қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылды. Пекин соты оның үстінен іс қозғаған.

Лю Чжицзюнь 2003 жылы теміржол министрі болып тағайындалып, 2011 жылдың ақпанында қызметінен босаған еді. Ол 2012 жылдың қарашасында коммунистік партия қатарынан шығарылды.

Лю Чжицзюнь басшылық еткен уақытта Қытай жүрдек пойыздарға арналған теміржол желісінің ұзындығы жағынан әлемде бірінші орынға шыққан. Бірақ соңғы жылдары жоғары жылдамдықтағы теміржол желісі жүйесінде бірқатар дау туындаған. Олардың арасында 2011 жылы 40 адам мерт болған пойыз апаты да бар.
XS
SM
MD
LG