Accessibility links

Сеул: Кибер шабуыл артында Солтүстік Корея тұр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Корея билігі өткен айда елдегі банктер мен ақпарат құралдарына жасалған ірі кибер шабуылдардың артында Солтүстік Корея әскерилері тұр деп мәлімдеді.

Оңтүстік Корея интернет қауіпсіздігі агенттігі өкілінің хабарлауынша, тергеушілер елдегі серверлерді Солтүстік Кореядағы алты компьютерден 1000-нан астам IP адреспен бұзып кіргенін анықтаған. Ол бұған қоса кибер шабуылдың сегіз ай бойы дайындалғанын, оның бұған дейін жасалған хакерлік шабуылдарға ұқсас екенін де айтты.

Наурыздың 10-ында болған шабуылда Оңтүстік Кореяның мемлекеттік үш телеарнасының компьютерлік желілері істен шығып, бірнеше банктің қаржылық операциялары тоқтап қалған еді.

Солтүстік Корея ақпанда үшінші рет ядролық сынақ жасағаннан бері екі ел арасындағы әскери-саяси жағдай ушығып тұр.
XS
SM
MD
LG