Accessibility links

Атырау облысында 16 азаматтың соты басталды


"Интерфакс-Казахстан" агенттігінің хабарлауынша, Атырау облысының 18-47 жас аралығындағы 16 тұрғынына "терроризмді немесе экстремизмді насихаттау", "террористік ұйым құру немесе оған мүше болу", "терроризм", "қаруды заңсыз алып-сату, сақтау, ұстау", "ұрлау" баптары бойынша айыптар тағылған.

Сот процесіне екі мемлекеттік айыптаушы, сегіз адвокат, екі аудармашы және 97 куәгер қатысып отыр. Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотындағы отырыс жабық өтіп жатыр.

Бұған дейін "Атырауда террористік топ тәртіп сақшыларына қарсы террорлық әрекет ұйымдастырмақ болды" деп хабарланған еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG