Accessibility links

АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясы жиынына байкот жариялады


Сербияның бұрынғы сыртқы істер министрі, БҰҰ Бас ассамблеясының президенті Вук Еремич. 10 сәуір 2013 жыл.

Сербияның бұрынғы сыртқы істер министрі, БҰҰ Бас ассамблеясының президенті Вук Еремич. 10 сәуір 2013 жыл.

АҚШ БҰҰ Бас ассамблеясының әскери қылмыс жөніндегі халықаралық трибуналға арналған отырысына байкот жариялады. Жиынды Бас ассамблея президенті, Сербияның бұрынғы сыртқы істер министрі Вук Еремич ұйымдастырған еді.

АҚШ отырысты "арандатушылық мақсатта ұйымдыстырылған және оған қос тарап өкілдері бірдей қатыстырылмады" деп атады. Жиында Сербия президенті Томислав Николич айыпты деп танылған Сербия азаматтары халықаралық сотта жүйелі түрде қуғынға ұшырап отыратын мәлімдеді.

Қарсылар жиынды "ресми Белградтың 1990 жылдардағы Балқан соғысындағы Сербия әрекетіне қатысты сот үкіміне қарсы шығу амалы" деп мәлімдеп отыр. Канада мен Иордания өкілдері де жиынға қатысудан бас тартты. Еуропа елдері де жиынға төмен деңгейдегі дипломаттарын жіберді.

Кейбір деректерге қарағанда, Вук Еремич жиынға 1995 жылы қырғынға ұшыраған мұсылман отбасыларының өкілдері кіретін "Сребреница аналары" тобы мүшелерін қатыстырмай қойған.
XS
SM
MD
LG