Accessibility links

Голландия "күмәнді" сиыр етін кері қайтармақ


Ет сақтайтын қоймалардың бірі. Германия, 19 қаңтар 2013 жылы. (Көрнекі сурет)
Ет сақтайтын қоймалардың бірі. Германия, 19 қаңтар 2013 жылы. (Көрнекі сурет)
Голландия үкіметі 50 мың тонна сиыр етін құрамында жылқы еті болуы мүмкін деген күдікпен кері қайтаруға шешім шығарды.

Голландия азық-түлік және тұтыну өнімдері қауіпсіздігі қызметінің басшылығы еттің қайдан келгендігі белгісіз және оның қауіпсіз екеніне кепіл жоғын айтады. Бірақ еттің адам денсаулығына қауіп төндіретініне де дәлел жоқ.

Голландияның екі компаниясы Еуропа елдеріне сиыр етін экспорттайды.

Еуропаның кейбір елдерінде қаңтарда құрамында сиыр еті бар делінген тағамдардан жылқы еті бары анықталған еді. Бұдан соң Еуропа Одағы сиыр етіне ДНҚ сараптамасын жасай бастаған. Бүкіл Еуропа бойынша сараптамадан 500-ге тарта компания өтіп жатыр.

Еуропаның бірқатар елінде жылқы етін жемейді.
XS
SM
MD
LG