Accessibility links

Фин министрі Путиннен кешірім сұрады


Ресей президенті Владимир Путин. 8 сәуір 2013 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин. 8 сәуір 2013 жыл.

Финляндия ішкі істер министрі Паиви Расансен Ресей президенті Владимир Путиннен оны фин полициясы қылмыстық іске қатысы бар адамдардың тізіміне қателесіп енгізіп қойғаны үшін кешірім сұрады.

Бұған дейін Финляндияның MTV3 телеарнасы Путиннің ресейлік "Ночные волки" байкерлік клубымен байланысы болғаны үшін құпия тізімге енгізілгенін хабарлаған еді. Кейін фин полициясы Ресей президентінің аты-жөні реестрден өшірілетінін мәлімдеп, қазір оның тізімге қалай еніп кеткені анықталып жатқанын айтты.
XS
SM
MD
LG