Accessibility links

Қытайда "Азат етілген Джанго" фильмі көрсетілмеді


"Азат етілген Джанго" фильмінің эпизоды. (Көрнекі сурет).

"Азат етілген Джанго" фильмінің эпизоды. (Көрнекі сурет).

АҚШ режиссері Квентин Тарантиноның таяуда жарыққа шыққан "Азат етілген Джанго" фильмі Қытай кинотеатрларында көрсетілмейтін болды.

Фильм кинотеатрларда көрсетіле бастаған алғашқы минуттарда-ақ экраннан өшіп қалған. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, кинотеатр қызметкерлері фильмді көрсетпеу туралы тапсырманы Қытай кино корпорациясы бергенін айтады. Қытайдағы кино өнімдерін импорттаушы басты корпорация мұның себебін "техникалық ақауларға" сілтеген. Кино бұған дейін бірнеше цензуралық тексерістен өткен еді.

"Азат етілген Джанго" Қытайда коммерциялық мақсатта көрсетіле бастаған алғашқы кино болатын. Ол америкалық құлдардың құл иеленушілерден кек қайтарғанын баяндайтын шығарма желісінде түсірілген.

Қытай билігі кино өнімдері мен басқа да ақпараттық материалдарды саяси цензурадан өткізіп, кино индустриясын қорғау үшін шетелдік фильмдерді шектеп отырады.
XS
SM
MD
LG