Accessibility links

Иран қауіпсіздік кеңесінің экс-басшысы президенттікке түспек


Иран жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы басшысы Хасан Рухани.

Иран жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы басшысы Хасан Рухани.

Иранның жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы басшысы Хасан Рухани маусымда өтетін президент сайлауына түсу ниеті барын мәлімдеді.

Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Рухани санкция салынып, Иранның үлкен экономикалық шығынға ұшырағаны үшін қазіргі президент Махмуд Ахмединежадты айыптады.

"Мен Иран экономикасын тығырықтан шығарып, парасатты үкімет арқылы халықаралық қауымдастықпен конструктивті диалог орнату үшін алға шығып отырмын" деген Рухани.

Хасан Рухани Иранның ядролық бағдарламасына қатысты 2003-2005 жылдары Франция, Германия және Ұлыбританиямен болған келіссөздерде делегацияны басқарған еді. Махмуд Ахмединежад билікке келген соң ол отставкаға кеткен. Екінші мерзім президенттік қызметін атқарып отырған Ахмединежад заң бойынша алдағы сайлауларға қатыса алмайды.
XS
SM
MD
LG