Accessibility links

Эдуард Огай Владимир Кимге қатысты түсінік берді


"Қазақмыс" компаниясының президенті Владимир Ким.

"Қазақмыс" компаниясының президенті Владимир Ким.

«Қазақмыс» компаниясының басқарма төрағасы Эдуард Огай компания президенті Владимир Ким де «қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтің кебін киюі мүмкін» деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ол «АстанаТВ» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Оның сөзіне қарағанда, «Кимге қатысты мемлекеттік органдар тарапынан да, бизнес саласы жағынан да заң бұзғаны туралы мәселе көтерілмеген».

Бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында Владимир Кимнің Лондонға кетіп қалуы мүмкін екені жайында мақалалар басылған еді.

«Әблязов туралы айтар болсақ, ол Қазақстанда танымал болғанымен, Лондонда танымал болған жоқ. Ал Владимир Ким кеңес төрағасы болып жеті жылдан астам уақыт қызмет етті. «Қазақмыс» сияқты танымал компанияны басқару үшін декларация толтырып, салық төлеу керек» дейді Огай.

Владимир Ким Forbes журналы 2012 жылы жариялаған әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 641-орында тұр. Оның байлығы 2 миллиард 300 миллион АҚШ доллары деп есептелген.
XS
SM
MD
LG