Accessibility links

Ресейде қырғыз азаматы "ӨИҚ мүшесі" ретінде ұсталды


Өзбекстан ислам қозғалысының сарбаздары. Ауғанстан. (Көрнекі сурет).

Өзбекстан ислам қозғалысының сарбаздары. Ауғанстан. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Магнитогорск қаласында тыйым салынған "Өзбекстан ислам қозғалысы" (ӨИҚ) ұйымына мүше деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды.

Бұл туралы хабарлаған ішкі істер министрлігі өкілі күдіктінің Ресейдің бірнеше облысында аталған ұйымға шақырып, үгіт жүргізгенін және оның жақын арада еліне қайтарылатынын айтады.

Ресей мен Орталық Азия елдерінде тыйым салынған ұйымның "Талибан" және "Әл-Қаида" ұйымдарымен байланысы бар деген болжам айтылады. ӨИҚ Орталық Азия аймағында ислам халифатын орнатуды көздейді. Ұйым бұған қоса АҚШ мемлекеттік департаментінің шетелдік террористік ұйымдары тізіміне кіргізілген.
XS
SM
MD
LG