Accessibility links

Өзбекстан президенті Ресейге барды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов ресми сапармен Мәскеуге барды. Дүйсенбіде ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Өзбекстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, кездесуде 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі талқыланбақ. Бұған қоса сапар барысында екіжақты экономикалық байланыстар жөніндегі бірқатар келісімдер жасалмақ.

Ташкент өткен жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығып кеткеннен кейін және АҚШ пен бірқатар Еуропа елдерімен байланысын кеңейте бастаған соң Ресеймен қарым-қатынасы нашарлай бастаған еді.
XS
SM
MD
LG