Accessibility links

Венесуэлада президент сайлауы аяқталды


Президенттіктен үміткерлердің бірі Энрике Каприлес. Венесуэла.

Президенттіктен үміткерлердің бірі Энрике Каприлес. Венесуэла.

Венесуэлада президент сайлауына дауыс беру аяқталды. Өткен айда президент Уго Чавес қатерлі ісіктен қайтыс болған соң 14 сәуірге мерзімінен бұрын жаңа президент сайлауы белгіленген еді.

Сайлаудың басты үміткері президенттің міндетін уақытша атқарушы Николас Мадуро болып келген. Бірақ дауыс беру кезіндегі сауалнамалар қарсыласы Энрике Каприлестің онымен шамалас дауыс алғанын көрсетіп отыр. Ал дауыс беру аяқталған соң Энрике Каприлес "сайлау нәтижесі бұрмаланғанын" мәлімдеді.

Мадуро сайлау науқанында халыққа Чавес айтып кеткен "21-ғасыр социализмін" орнатуға уәде еткен. Чавес "21-ғасырдың социализмі" деп саясатта солшыл бағытты ұстану, кедейлерді қолдау мен мемлекеттің экономиканы бақылауға алуын атаған еді.

Каприлес сайлау кампаниясында қазіргі үкімет саясатын сынаған. Ол елдегі азық-түлік пен электр энергиясы тапшылығын жоюға, инфляция мен қылмыс деңгейін төмендетуге уәде берген.

Венесуэла мұнай қоры жөнінен әлемде алдыңғы орындардың бірінде тұр. Бірақ соған қарамастан халқы кедей.
XS
SM
MD
LG